• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2017

Солтүстік қазақстанда  биыл 24 мың адам жұмысқа орналасады

235 рет
көрсетілді

Жергілікті билік орындары жыл аяғына дейін өңірде  24172 адамды жұмысқа тарту міндетін қойып отыр.

Тарата айтсақ, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы  13047 адам  еңбек ету құқына ие болмақ.  «Өрлеу»  бағдарламасы аясында  тұрмысы төмен отбасыларды қамтуға  бірінші кезекте басымдық берілген.  Осыған орай270 әлеуметтік келісім-шарт жасалып, 1200 адам  қатысушыға ниет білдірген. Адрестік әлеуметтік көмек алушылар арасында  еңбекке жарамды тұрғындар үлесінің 1,7 пайызға кемігені байқалады.  Ендігі мақсат– кірісі өмір сүру деңгейінен төмен топтағылардың санын 15,1 мыңға дейін азайту. Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға  республикалық қазынадан 4,5 миллиард теңге бөлінген. Шағын несиелеу мөлшері 2,5 есеге артып, 2,3 миллиард теңге қарастырылған.

«Бастау бизнес» бағдарламасы да өміршеңдігін көрсетіп келеді. Оның  шеңберінде 920 адамды кәсіпкерліктің қыр-сырына  үйрету белгіленсе, үштен бірі қысқа мерзімді курстарды аяқтап шыққан.5 адам 11миллион жеңілдікті қаражатқа қол жеткізген. Тұтастай алғанда,  жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін санаттағылардан алты мыңнан астам қатысушыға мемлекеттік  бағдарламалардың жеңілдікті қызметтері ұсынылған.  Сөйтіп, жыл аяғына дейін   жұмыссыздар саны-600,  өзін-өзі еңбекпен қамтитындар-5000  адамға  азайып,  жалдамалы  қызметкерлер 3,5 мыңға  ұлғаятын болады.

Жыл басынан бері 13 мың солтүстікқазақстандық жұмысқа орналасып, бала-шаға нәпақасын айырып отыр.

Өмір Есқали.

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.